Машина жасау саласы экономиканың дамуына елеулі үлес қосып келеді - Үкімет басшысы

22 Қыркүйек 2022, 10:53
1464
Бөлісу:
Машина жасау саласы экономиканың дамуына елеулі үлес қосып келеді - Үкімет басшысы

Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов елордада  машина жасаушылардың 10-шы форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Отандық машина жасау саласы экономиканың тұрақты дамуына елеулі үлес қосып келеді. Индустрияландыру жолдарында машина жасаудағы өндіріс көлемі 6 есеге өсті.  Және 2,3 трлн теңгеге дейін көтерілді. Саланың жыл сайынғы өсімі  соңғы үш жылда орта есеппен 20 пайызға жетіп отыр. Қазіргі таңда Үкімет отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда. Бұл қолжетімді бастапқы материалдар мен қаржыландырумен қамтамасыз ету. Сонымен бірге ел ішіндегі құндылықты дамыту, импортқа тәуелділікті азайту, жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын жаңғырту. Үкімет ашық диалогқа және бизнеспен бірлесіп, жұмыс істеуге дайын, - деді Премьер-министр.

Еске сала кетейік, Астанада Қазақстан машина жасаушыларының 10-шы форумы өтіп жатыр. Форумда 12 секциялық отырыс өтеді. Онда ауыл шаруашылығы мен теміржол және электротехникалық машина мен автомобиль жасау салалары талқыланады.

Өзгелердің жаңалығы