Мәжіліс төрағасының орынбасарлары тағайындалды

29 Наурыз 2023, 12:53
863
Бөлісу:
Мәжіліс төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Мәжілістің жалпы отырысында Мәжіліс төрағасының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«ҚР Парламенті және оның депутаттырының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 9-бабы 8-тармағына сәйкес палата депутаттары арасынан Мәжіліс төрағасының ұсынуымен палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланатын екі орынбасары болады, - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Ол өзінің берілген құқықты пайдалана отырып Парламент Мәжілісінің төрағасы орынбасары лауазымына депутат Альберт Раудың кандидатурасын ұсынды.

Депутаттар Альберт Раудың кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді. Қатысып отырғандар 97 депутат, қолдағандар – 96, қалыс қалғандар – 1.

Ал екінші орынбасары ретінде Мәжіліс депутаты Дәния Еспаеваның кандидатурасы ұсынылды.

Депутаттар Дәния Еспаеваның кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді. Қатысып отырғандар 97 депутат, жақтағандар – 94, дауыс бермегендер – 1, қалыс қалғандар – 2.

Өзгелердің жаңалығы