Мемлекет басшысы Риши Сунакқа құттықтау жеделхатын жолдады

26 Қазан 2022, 18:13
680
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Риши Сунакқа құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Риши Сунакты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Риши Сунактың көшбасшылық қасиеті мен өзгерістер бағдарламасы Ұлыбританияны қуатты әрі тұрақты етуде шешуші рөл атқаратынына сенім білдірді.

Қазақстан Ұлыбританиямен арадағы берік достық, өзара құрмет пен сенімге негізделген ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Біздің ынтымақтастығымыз саяси және экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға септігін тигізіп, достас мемлекеттеріміздің игілігі жолында одан әрі дамуға жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенемін, – делінген жеделхатта.

Өзгелердің жаңалығы