Министр: Елорда атауы өзгергені үшін оқулықтарды қайта басып шығарудың қажеті жоқ

23 Қыркүйек 2022, 22:27
1043
Бөлісу:
Министр: Елорда атауы өзгергені үшін оқулықтарды қайта басып шығарудың қажеті жоқ

Орталық коммуникациялар қызметінде болған брифингіде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елорда атауының өзгеруіне байланысты оқулықтарды жаңарту қажет еместігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Брифингіде БАҚ өкілдері министрге жаңадан құрылған облыстар мен елорда атауының өзгеруіне байланысты оқулықтардың мазмұнын жаңарту мәселесі туралы сұрақ қойды.

Елорда атауының өзгеруіне байланысты кітаптардың мазмұны жаңартылмайды. Тек осы мәселеге қатысты бүкіл оқулықтарды басып шығарудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бізде көп оқулықтар 2016, 2017, 2018 жылдары шығарылған. Біздің елдің балалары, жалпы халқы елордамыздың атауын жақсы біледі. Оқулықтар белгілі бір уақыт ішінде мазмұны жаңартылып, қайта басып шығарылады. Сол уақытта бұл мәселелер ескерілетін болады, – деді Асхат Аймағамбетов сұраққа жауап бере отырып.

Өзгелердің жаңалығы