«Наурыз айтыс». Елордалық жастар арасында айтыс басталды

16 Наурыз 2023, 15:59
955
Бөлісу:
«Наурыз айтыс». Елордалық жастар арасында айтыс басталды
Фото: Арман Мухатов

Елордада Еуразия ұлттық университетінде оқушылар мен студенттер арасында айтыс өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі «Наурыз айтыс» жас ақындар айтысы әз Наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

«Наурыз айтыс». Елордалық жастар арасында айтыс басталды

Наурыз - қазақтың төл мейрамы. Бұл іс-шара мерекенің қарсаңында қазақтың асыл өнері айтысты жастардың арасында насихаттау мақсатымен ұйымдастырылып отыр. Айтыстың этнографиялық тарихын алып қарайтын болсақ, қайым айтыс, бәдік айтыс, қыз бен жігіттің айтысы, өлі мен тірінің айтысы немесе өтірік өлең айтысы сияқты түрлері бар, - деді Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы Сәкен Есіркеп.

«Наурыз айтыс». Елордалық жастар арасында айтыс басталды

Оның айтуынша, қазір біз тек бір ғана айтысты білеміз. Яғни ол ақындардың ортаға шығып, әртүрлі тақырыпты қозғаған айтысы.

Бірақ айтыстың түрлері барын біле бермейміз. Енді осыны жастардың арасында насихаттау мақсатында бүгін осы залға жиналып отырмыз. Бүгін сахнаға шыққан оқушылар мен студенттердің талантын тамашалаймыз, - деп түсіндірді Сәкен Есіркеп.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - Наурыз мейрамы қарсаңында қазақтың сөз өнерін насихаттау.

«Наурыз айтыс». Елордалық жастар арасында айтыс басталды

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, бұл алғашқы және соңғы рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Жас айтыскерлер сахна төрінде айтыс түрлерін көрсетеді.

Ұйымдастырушылар: Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.

Өзгелердің жаңалығы