Не көздейсің, келімсек?

27 Қыркүйек 2022, 09:13
1798
Бөлісу:
Не көздейсің, келімсек?
PHOTO
Фото: автордан

Ресейде жарияланған мобилизациядан кейін Қостанай жері көрші елдің  әскерден қашқан келімсектерінің тұрағына айналды, деп хабарлайды Қостанай облысындағы BAQ.KZ  тілшісі.

Бейне бір жаңа заманның «ақтабан шұбырындысын» еске салатын бейтаныстардың суыт жүрген жүрістерінен жергілікті халық үрейленіп отырғаны жасырын емес. Біз осы орайда шекарадағы жағдайды білмек мақсатында Қостанайды Ресеймен байланыстыратын «Қайрақ» автобақылау бекетінде болып, ел шекрарасындағы ахуалды өз көзімізбен көріп қайттық.

Ағылған көлік, әбігерге түскен халық

Келімсектердің Қостанай жеріне ағылып жатқанын қаладан шыға бере Қарабалық ауданына апаратын күре жолға түскен адам бірден аңғаруға болады. Себебі, осынау тас жолдың бойы бейне бір Ресейге кіріп кеткендей әсер қалдырады. Себебі, облыс орталығын бетке алған орыс нөмірлі көліктерде есеп жоқ. Көліктердің іші лық толы. 

Осындай көріністі көрген жергілікті халықтың басым бөлігінің санасын үрей билегенін анық аңғаруға болады. Оның өзіндік себептері жетерлік. Бала-шағаның қамы үшін қалаға келіп, тапқан нәпақасы жалдамалы пәтер ақы мен тамағынан артылмай отырған азаматтардың әрбір күнді қорқынышпен өткеріп жатқандары ешкімді ойландырмайды. Олар жалдап отырған үй иесінің қашан келіп, пәтерімді босат деп талап қоятынын білмейді. 

Не көздейсің, келімсек?

Себебі, бұл күнде Қостанайда да баспана жалдап шырт түкіріп жүргендердің дәурені жүріп тұр. Бір сөзбен айтқанда жау жағандан алғанда бөрі етектен алып тұрдың нағыз өзі. Олай дейтініміз бір кездері 60-80 мыңға жалданып келген баспаналар бірден үш жүзден бастап жарты миллионға бірақ барған. Осылайша пәтер жалдап отырған халық нағыз күн сауытқан кезде шиттей бала-шағасын жетелеп , қайда барарын білмей сандалып жүр. 

Соғысқа барудан жалтарып, қашып келген келімсектердің қалтасындағы қаражатына қызығып пайда табуды көздегендер қазір туысын сатып кетуденде тайынбайды.Келімсектердің Қостанайға ағылуынан туындаған мәселелер мен жергілікті халықтың жағдайына алаңдап отырғанымызда «Қайрақ» шекара бекетіне қалай жеткенімізді білмейде қалдық. Аталмыш бекттің Қазақстан жағында кезек жоқ деседе болады. Тек жүк көліктерінің ғана қатары байқалады.  Шекарада такси жүргізушілерінің қатары атқан. Оларда соңғы күндері мол табыстың дәмін татқан соң, бағада мың құбылады. Алақанын ысқылап дайын ақшанысанап үйреніп қалған такси қызметі келімсектердің асты-үстіне түсіп жүр. Шекарадағы автосақтандыру жүйесінің қызметкерлері де соңғы күндері табыстарының артқанын мойындайды. Себебі, олар үшінде тұтынушылардың саны 5 есеге өскен.

Жұмыс көп. Уақыт жоқ. Мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған, дейді олар.

Қостанайды бетке алған келімсектердің  көліктерінің легі  Ресей жақтан үш-бес минут сайын ағылуда. Осылайша Қостанайды бетке алған әрбір көлік жергілікті халықты баспанасын қуып шығып, әбігерге салуға себепкер болып жатыр. Өз жерінде жалдап отырған баспанасынан қуып шыққызып жатқан келімсектер ертең жергілікті халықты табысынан айырмаса болғаны.

«Мен соғысқа барғым келмейді»

«Қайрақ» шекара бектінен Қостанайға келіп жатқан келімсектердің басым бөлігі, нақтырақ айтқанда 96 пайызы ер адамдар. Олардың түрлеріне қарап, 18 бен30 жас аралығында екенін аңғару қиын емес. Бейбіт күнде босып жүргендердің көбінің қолында киім толтырылған сөмкелерден басқа еш нәрсе жоқ. Келімсектердің басым бөлігі Уфа, Санкт-Петербург, Мәскеу, Грозный секілді қалалардың тұрғындары. 

Менің осылай босып жүргенімді айтпасамда білесіздер. Мен соғысқа барғым келмейді. Қалай болғанда да мен әрқашан бейбітшілікті қалаймын. Оның үстіне кіндік қаным Қазақстанда тамған. Баяғыда көшіп келу керек еді. Қазір қолымда жол дорбамнан басқа артық затым жоқ. Қостанайдан құрылысшы мамандығы бойынша жұмыс таба аламын деп үміттенемін, - дейді Сергей Иванов есімді келімсек. 

Бір байқағанымыз қазақ жеріне енді ғана табаны тиген келімсектер өздеріне қолайлы жағдай мен жайлы баспана іздеуге тырысып жатқанын жасырмайды. Арасында қазақтың қонақжайлығында тілге тиек етіп, мақтауын асыратындар да кездесті.

Біріншіден, қазақтарға қонақжайлылық үшін рахмет айтамын. Мен Telegram-да жерлестерімнің алып қашпа әңгімелерін оқыдым. Қалай болғанда да жергілікті халыққа ризашылық білдіруіміз керек деп санаймын. Шекара асып келіп жатқандардың көбісі жұмысын, әйел, бала-шағасын, ата-аналарын қалдырып қашып келіп жатырмыз. Мен өзім Қостанайға ағама барамын, ол қазір сырқаттанып қалды. Мен оған көмектесемін, - дейді тағы бір Михаил Ефремов. 

«Бізге келгендер өздерін қауіпсіз сезіне алады»

26 қыркүйекте Қостанайда ӨКҚ өткен брифингте шетелдіктердің өңірге келу тәртібі мен заң бұзып келгендерді депортациялау мәселесі талқыланды. Ресейде ішінара жұмылдыру жарияланған 21 қыркүйектен бастап  Қостанай жерідегі келімсектердің легі көбейді.

Көші-қон қызметінің мәліметтері бойынша, егер бұған дейін күніне шетелдік азаматтардың келуі туралы 50-100 хабарлама келіп түссе, қазір олар үш есе атрқан.

Біздің ақпаратымыз бойынша, келгендер негізінен Астана мен Алматыға, одан әрі басқа мемлекеттердің аумағына өтуді көздеп отыр, яғни біздің облыс олар үшін транзиттік аймақ болып табылады, - дейді Қостанай облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметінің басшысы Қайрат Дүтпаев. 

Оның айтуынша, келімсектер заңға бағынады, олардың қатысуымен ешқандай шектен шығу болған жоқ. Ал олардың 20-25  пайызы Қостанай облысының бұрынғы тұрғындары болып отыр.

Не көздейсің, келімсек?

Қаражат пен жұмыс нарығы

Келімсектер Қостанайдың айырбастау пункттері мен банктерінде рубльді түрлі бағамен теңгеге айырбастап жатыр.

27  қыркүйекте нарықтың шағын талдауы көрсеткендей, бір рубль үшін бес теңгеден берілді. Бұл ретте Ұлттық Банктің осы күнгі ресми бағамы - рубль үшін 8,4 теңге. 

Ұлттық банктің облыстық филиалында Қазақстанда рубль-теңге үшін бағам дәлізі жоқ екенін түсіндірді. Минималды және максималды шығындар бойынша шектеулер доллар мен евро үшін жарамды.

Не көздейсің, келімсек?

Біз әдеттегідей жұмыс істеп жатырмыз.Бірден бірнеше адам келетіндіктен кезетің қарасы мол. Теңге жеткілікті. Адамдар қомақты сомамен келсе де ауыстырып береміз. Бір мезетте 500 мың рубльді ауыстырғандар, - дейді айырбастау пунктінің иесі Сергей Косемук 

Сондықтан Қостанайдағы айырбастау пунктіне байланысты рубль құнының айырмашылығы бүгінде айтарлықтай байқалады. Сонымен бірге, сарапшылар ақша айырбастау кезінде ресейліктердің төлқұжаты болуы керек екенін айтады. Басқа құжаттар талап етілмейді.

Қазақстанда жұмысқа орналасқысы келетін ресейліктерге ешқандай шектеулер жоқ. ҚР мен РФ арасында еңбек ресурстары қозғалысының еркін режимі жұмыс істейді. Бұл РФ мамандарына ҚР-да жұмысқа орналасуға рұқсат немесе квота алудың қажеті жоқ дегенді білдіреді, - дейді Қостанай облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметінің басшысы Қайрат Дүтпаев. 

Өзгелердің жаңалығы