#OL-JAS PODCAST: Балағат сөз айту мен өзіңді өзгемен салыстыру

26 Қаңтар 2023, 09:48
2906
Бөлісу:
#OL-JAS PODCAST: Балағат сөз айту мен өзіңді өзгемен салыстыру
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

OL-JAS подкастының бұл санында жастардың арасындағы таралған жаңа эпидемия туралы сөз қозғалды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Одан бөлек, жалпы дамимын деген жасөсіпірімге Абай жолын оқу керек пе? Шетелдік мотивациялық кітаптар көмектесе ме? Бұл тұста әлеуметтік желінің зияны қандай? Осы және басқа сұрақтар сарапқа салынды.

Жүргізуші - Олжас Адай. Подкаст спикерлері - Психолог Гүлнұр Сапарова және Мәдениеттанушы Жанар Таңсық.

Сарапшы Гүлнұр Сапарова қазіргі жастардардың қоғамдағы өзекті мәселелерге көзқарасы туралы айтты. Оның айтуынша, жасөспірімдер тек смартфонның ар жағында батыл болғанымен,  шынайы өмірде олай емес. Дегенмен, спикер қазіргі ұрпақтың білімді екенін, ақпаратқа бірден сене қоймайтынын айтып өтті.

Сонымен қатар кейбір жастың ана тіліндей болып кеткен балағат сөз туралы әңгіме қозғалды. Бұл тарапта Мәдениеттанушы Жанар Таңсық әлем жылдам өзгеріп келе жатқан шақта тіліміздегі мұндай үрдіс қауіп екенін айтты.

Ol – jas подкасты – еліміздің жастарының еркін пікір айтып, қоғамдағы өзекті мәселелерге көзқарасын білдіретін ой алаңы.

Өзгелердің жаңалығы