Өскемен полицейлері 16 жастағы есірткі тасымалдаушысын ұстады

6 Желтоқсан 2022, 12:02
726
Бөлісу:
Өскемен полицейлері 16 жастағы есірткі тасымалдаушысын ұстады

Өскемен полицейлері 16 жастағы есірткі қойып кетушіні ұстады,  деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жасөспірімде ұнтақ пен түйіршік түріндегі зат оралған 77 бума болған. “Рефлекс” және “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында облыс орталығында Өскемен қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері интернет-дүкеннің 16 жастағы курьер-қойып кетушісін ұстаған. 

Жас тәртіп бұзушының рюкзагін жеке тінту кезінде тәртіп сақшылары ұнтақ және түйіршік түріндегі зат салынып, изолентамен оралған 77 ораманы тапқан. Сонымен қатар ұсталған адамның тұрғылықты жеріне тінту жүргізілген. Онда алдыңғы заттарға ұқсас 106 орама тәркіленген.

Жүргізілген сараптама күдікті әзірлеген 183 орамада 26,95 грамм “Альфа-pvp” психотроптық заты және шамамен 37 грамм мефедрон сақталғанын көрсетті. Жасөспірім ата-анасының кепілгерлігіне берілді.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жас курьер-қойып кетушіні он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Өзгелердің жаңалығы