Пара каратэден Әлем чемпионы Дидар Мұхамеджанов өз үйінде дауыс берді

19 Наурыз 2023, 23:45
671
Бөлісу:
Пара каратэден Әлем чемпионы Дидар Мұхамеджанов өз үйінде дауыс берді

Бүгін денсаулығына байланысты үйлерінде отырған мүмкіндігі шектеулі Астана қаласының спортшылары да таңдау жасауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

№88 сайлау учаскесінде тіркелген Астана қаласының спортшысы, пара каратэден Әлем Чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері Дидар дауысты өз үйінде берді.

Спортшының дауыс беру процессі үй жағдайында ұйымдастырылып, бюллетендер оның тұрғылықты мекен-жайына жеткізілді.

Пара каратэден Әлем чемпионы Дидар Мұхамеджанов өз үйінде дауыс берді

Дүбірлі додаларда еліміздің көк байрағын биікке көтеріп жүрген жерлесіміз ел игілігі жолындағы барлық маңызды саяси шараларға белсене араласып келе жатқанын айтады. Сондай-ақ спортшы дене мүмкіндігінің шектеулігі өз мемлекетінің болашағы үшін дауыс беруге кедергі келтірмейтіндігі туралы да атап өтті.

Қазақстан жастардың қолында деп сенемін. Дауыс беру – әр азаматтың парызы. Елдің болашағы үшін бүгін менде өз үйімде дауыс бердім. Мен үшін сайлауға қатысу және дауыс беру-бұл бақыт. Осылай бізді елеп ескеріп дауыс беру парағын үйімізге жеткізіп, жағдайымызды жасап жатқан Астана қаласының әкімдігіне ерекше алғысымды білдіремін. Жұртымыз аман болсын,- деді пара каратэден Әлем Чемпионы Дидар Мұхамеджанов.

Осыған дейін  бір де бір сайлаудан тыс қалмаған жерлесіміз осылайша өз таңдауын өз үйінде жасады.

Өзгелердің жаңалығы