Павлодарда үйлерге жылу беріле бастады

27 Қыркүйек 2022, 10:21
718
Бөлісу:
Павлодарда үйлерге жылу беріле бастады
Фото: автордан

Ертіс өңіріндегі көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу біртіндеп беріле бастады, деп хабарларды Павлодар облысындағы BAQ.KZ  тілшісі.

Жылу беру маусымы алдымен әлеуметтік мекемелерде басталды. Облысқа энергия таратушы компания өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі уақытта өңірдегі білім беру, сансаулық сақтау нысандарының барлығы жылытылып жатыр. Ал тұрғын үй секторы жылу жүйелеріне енді қосылды.

Облыстағы көпқабатты үйлердің батареялары жылынып жатыр. қазіргі уақытта 100-ге жуық үйде жылу бар. Жылу беру науқаны кезең-кезеңмен жүргізіледі. Жоспар бойынша бір күнде 120 нысан қосылады бастайды, - дейді энергетикалық компанияның маманы Роман Гончаренко. 

Мамандардың айтуынша, жекеменшік сектордың дайындығы көңіл көншітпейді. Бүгінгі күнге дейін 4500 жер үйдің 300-ден астамы ғана дайындық актілерін алған. 

Айта кетейік, бүгінді жылу орталықтары жанар-жағармаймен қамтылды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, жылу таратушы кәсіпорындарда 1,5 млн тонна көмір жиналды. Әр станцияда 10 күндік қор сақтаулы. 

Ал коммуналдық-тұрмыстық сектор бойынша көмір кеніштерінің ақпараты бойынша еркін саудадағы қатты отын көлемі жеткілікті. Көмір кеніштерінің алыстығына байланысты көмірдің бір тоннасы 8-20 мың теңге аралығында. Ал қатты отын босатылатын орындарда 10 мың тонна көмір бар. сала мамандары халыққа көмірді ертерек сатып алуға кеңес береді. Себебі еркін саудадағы қара отынның бағасы құбылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы