Президенттікке кандидаттарды ұсыну қашанға дейін жалғасады?

22 Қыркүйек 2022, 12:03
1444
Бөлісу:
Президенттікке кандидаттарды ұсыну қашанға дейін жалғасады?

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы отырысында комиссия мүшесі Константин Петров айтты деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент лауазымына кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі келесі күні басталады, яғни 2022 жылдың 23 қыркүйектен басталады және 11 қазанда сағат 18.00-де аяқталады, - деді ол.

Сонымен қатар, Константин Петров Конституция мен конституциялық заңда қойылған президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптарды еске салды.

Тумысынан азаматтығының болуы, ҚР аумағында соңғы 15 жыл тұруы, жоғары білімінің болуы, жасы 40-қа толған болуы, белсенді сайлау құқығының болуы, мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, мемлекеттік тілді білуі тиіс, - деді комиссия мүшесі. 

Сондай-ақ Петров сайлау науқаны кезеңдерінің ұзақтығына да тоқталды:

23 қыркүйектен 11 қазанға дейін 19 күн кандидаттарды ұсыну;

23 қыркүйектен 21 қазанға дейін кандидаттың Конституция және конституциялық заң талаптарына сәйкестігін анықтау, қолдарды жинау және тексеру;

21 қазаннан 18 қарашаға дейін сайлау алдындағы үгіт жүргізу;

19 қараша – тыныштық күні;

20 қараша – сайлау күні.  

Өзгелердің жаңалығы