Қасақана от қоюдан Екібастұзда екі көлік жанып кетті

29 Шілде 2022, 19:42
1186
Бөлісу:
Қасақана от қоюдан Екібастұзда екі көлік жанып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 шілде күні сағат 02:31-де  Ломоносов көшесі, 17/2 мекенжайы бойынша 2012  жылы шыққан Lada Priora жеңіл автокөлігінің 2,5 шаршы метр аумағы толығымен жанып кеткен.

Сонымен қатар, көліктің жанында тұрған 1998 жылғы «Volkswagen Passat В3» автокөлігінің бір шаршы метр аумағы  жанды, - дейді департаментте.

ТЖД қасақана от қоюдан шыққан өрттің сағат 02:41-де ауыздықталып,  сағат 03:00-де сөндірілгенін айтты.  

Келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.  Зардап шеккендер жоқ. 

Оқиға орнында  өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі  жұмылдырылып, бір техника мен жеке құрамнан 6 қызметкер жұмыс істеді.

Өзгелердің жаңалығы