Қазақстандық электронды темекі мен вейп контрабандасы үшін сотталды

25 Мамыр 2023, 11:02
823
Бөлісу:
Қазақстандық электронды темекі мен вейп контрабандасы үшін сотталды
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ

Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті электронды темекі мен вейптерді алып мемлекеттік шекарадан өтпек болған екі көлікті ұстады.

Жүк бөлімдерін тексеру кезінде рұқсатсыз және ілеспе құжаттарсыз 50 мыңға жуық «вейп» табылды. Табылған өнімнің сметалық құны шамамен 50 млн теңге.

Сот шешімімен анықталған электронды темекілер мемлекеттік стандартқа сәйкес келмегендіктен жойылуға жатады.

Өзгелердің жаңалығы