Қоғамдық көлік саласында қандай проблема бар?

29 Шілде 2022, 18:10
1564
Бөлісу:
Қоғамдық көлік саласында қандай проблема бар?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының орынбасары Ержан Диханбаев қоғамдық көлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында айтты. 

Қоғамдық көлік саласындағы проблемалық мәселелерді айтқым келеді. Бүгінгі таңда қоғамдық көлік саласында 6 автобус паркі жұмыс істейді. Оның біреу коммуналдық болса, 5-уі жеке меншік болып есептеледі. Қала бойынша 96 бағыт бойынша 889 қызмет көрсетеді. Оның ішінде 805 автобус қала ішінде қызмет көрсетсе, 85 автобус қала сыртындағы бағыт бойынша қызмет көрсетеді, - деді ол. 

Диханбаев атап өткендей, қала тұрғындарының 45 пайызы автобустың қызметін пайдаланады. 

Қазіргі таңда саладағы проблеманың бірі  жанармайға деген көтерме бағаның қымбаттауына қатысты тасымалдау шығының көбеюі болып отыр. Инвесторлар автобус паркін жаңартып, халыққа көрсетілетін мәдениетті арттыра алмай отыр, - деді Диханбаев. 

Оның айтуынша, елорда әкімдігі 2020 жылы 16,4 млрд теңге, 2021 жылы 17,8 млрд теңге бөлген. 

Биыл 12 млрд теңге бөлінді. Оның 1,1 млрд теңгесі игерілді, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы