Қостанайлық жауынгерлер үздіктер қатарында

24 Қыркүйек 2022, 09:09
1789
Бөлісу:
Қостанайлық жауынгерлер үздіктер қатарында
PHOTO
Фото: автордан

Қарағанды қаласында Ұлттық Ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының ұйымдастыруымен «Оңтүстік», «Орталық», «Шығыс» пен «Батыс»  өңірлік қолбасшыларының орынбасарларына арналған оқу-әдістемелік жиында Ұлттық ұланның 2022 жылғы «Үздік БТР экипажы» атауын Қостанайдағы 6697 әскери бөлімі иеленді деп хабарлайды BAQ.KZ сол өңірдегі тілшісі.

Еліміздің тыныштығын көзінің қарашығындай қорғап тұрған жауынгерлердің алқалы жиынына жоғарыда аталған әскери бөлімдерден бөлек қорғаныс саласының академиясына қарасты 5573, 6636, 6654 әскери бөлімдерінің де басшылықтары атсалысты.

Қостанайлық жауынгерлер үздіктер қатарында

3 күндік жиын барысында сабақтар өткізіліп, осы жылдың қорытындысы шығарылды. Келер жылдағы атқарылатын кешенді шаралардың  барысы пысықталды. Алқалы басқосу соңында құрама командалар арасында «Үздік жүргізуші», «Үздік БТР экипажы»  анықтау үшін әскерилер арасындағы Қазақстан чемпионаты өткізіліп, жеңімпаздар анықталды, – дейді ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы аға лейтенант Алияр Дүйсенбай.

Қорғаныс саласында қызмет етіп жүрген жауынгерлердің шеберліктері сынға түсетін аталмыш Қазақстан чемпионатында тек жүзден жүйріктер ғана топ жаратынын айта кеткен жөн. Себебі, сарбаздар белгіленген уақыт ішінде жарыс жолында кездесетін сегіз түрлі тапсырма мен кедергілерді  мүлтіксіз бағындырып отыруы шарт. Олар үшін бір сәтте қателесуге болмайды. Жарыста теорияны практикамен ұштастырған сарбаздардың автобронетанктік техникаға қызмет көрсету және ақауларын дер кезінде анықтауы, жол ережелерін сақтауы, қажетті қару-жарақтың қолдану тәртібін меңгергендігі, әскери қызметкерлердің  алғашқы медициналық көмек көрсетуі, жалаушалармен (фонарлармен) арнайы белгі берудегі білімдерін тексеру, Арнайы нысананы көздеу, жолда кездескен кедергілерден мүдірмей өту секілді сынақтарды тапсырды.

Қостанайлық жауынгерлер үздіктер қатарында

Әскери қызметкерлер арасындағы Қазақстан чемпионатында өз шеберліктерімен көзге түскендердің «Экипаж құрамында жүргізу» байқауының қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді. Ұлттық ұланның 2022 жылғы «Үздік жүргізушісі» бірінші орын 6654 әскери бөлімі Қаракемір қаласы, екінші орын5573 әскери бөлімі Астана қаласы, үшінші орын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Семей қаласындағы 5511 әскери бөлімі иеленді. Ал Ұлттық ұланның 2022 жылғы «Үздік БТР экипажы» аталымы бойынша бірінші орын «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6697 әскери бөлімі Қостанай қаласы, екінші орын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Тараз қаласы 5513 әскери бөлімі , үшінші орынға Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясы лайық деп танылды, – дейді Алияр Дүйсенбай.

Осынау бәсекесі жоғары жарыста жеңімпаз атанған жауынгерлер арнайы кубокпен, грамотамен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Қостанайлық жауынгерлер үздіктер қатарында
Қостанайлық жауынгерлер үздіктер қатарында
Өзгелердің жаңалығы