Қылмыстық жазаларды айыппұлмен ауыстыру ұсынысы пысықталады – Прокурор

29 Қыркүйек 2022, 12:47
1411
Бөлісу:
Қылмыстық жазаларды айыппұлмен ауыстыру ұсынысы пысықталады – Прокурор
Фото: автордан

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев кейбір қылмыстық жазаларды айыппұлмен ауыстыру ұсынына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Уәкіл Жүрсінов кездесуде қамауға алу, соттау және бас бостығынан айыру жазаларын айыппұлмен ауыстыру туралы айтты. Бұл туралы сіздің көзқарасыңыз қалай? - деді журналист Бас прокуратура ғимаратында өтіп жатқан кездесудің кулуарында.

Оның айтуынша, ұсынылған механизмді маманданған, шешуге біліктілігі бар азаматтарды тарта отырып, шешім қабылдануы керек.

Уәкілдің айтқан ұсынысы біздің тарапымыздан тыңдалып, қабылданды. Әрине, мұны пысықтауымыз қажет. Біздің бүгінгі өткізіп отырған іс-шарамыздың мақсаты да сол. Жиынға қатысушылардың бүкілі кәсіпкерлердің құқықтарын одан әрі қорғау мәселесін жетілдіруіне байланысты сұрақтар болса, ұсыныстар болса қарастырумыз керек. Мұның бәрі жұмыс тобында талқыланады. Әрине,  егерде ол ұсыныстар бірінші кезекте, мемлекетке сондай-ақ кәсіпкерлерге, қоғамға пайдасы тиетін  болса, - Жандос Өмірәлиев. 

Өзгелердің жаңалығы