«Рәміздер – ар-ожданым, айбыным!» атты байқаудың жүлегерлері анықталды

29 Шілде 2022, 20:15
1647
Бөлісу:
«Рәміздер – ар-ожданым, айбыным!» атты байқаудың жүлегерлері анықталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Геральдикалық зерттеулер орталығы «Рәміздер – ар-ожданым, айбыным!» атты мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға арналған байқау жүлдегерлерін жариялады.

13-23 шілде аралығында мемлекеттік рәміздеріміздің 30 жылдығы мен «Балалар жылына» орай Мәдениет және спорт министрлігі Геральдикалық зерттеулер орталығы аудан, ауыл мектеп оқушылары арасында, инстаграм әлеуметтік желісінде рәміздерге арналған «Рәміздер – ар-ожданым, айбыным!» атты өлеңдер оқу байқауын жариялаған. 

«Рәміздер – ар-ожданым, айбыным!» атты байқаудың жүлегерлері анықталды

Жастар арасында мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін ұғындырып, патриоттық сезім, ұлттық мақтаныш, отансүйгіштік сананы сіңіру мақсатында ұйымдастырылған байқаудың жеңімпаздары төмендегідей:

Бірінші орын: Пазылбек Инауат, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Сағыр ауылы;

Екінші орын: Отархан Дархан, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Шайқорық ауылы;

Үшінші орын: Құбай Ақкербез, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жас ауылы.

Ынталандыру: 

Нұрым Айшат - Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылы,  Ахмет Назерке - Ақмола облысы Шортанды ауданы, Динара Тулеген- Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы, Мырзағали Мадияр - Алматы облысы Панфиолов ауданы Басқыншы ауылы, Жалғасбек Ару - Алматы қаласы.

«Рәміздер – ар-ожданым, айбыным!» атты байқаудың жүлегерлері анықталды

Жеңімпаздарға дипломдар мен қатар бірінші орынға 150 мың тг, екінші орындаға 100 мың тг, үшінші орынға 50 мың тг және ынталандыруға әр қайсына 10 мың теңгелік сертификаттар табысталды. 

Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, бейнероликте өзін-өзі ұстауына, видео сапасына баса назар аударады.

Өзгелердің жаңалығы