Сайлау-2023: Анонимдік үгіт материалын таратқан БАҚ өкілі жауапқа тартылды

17 Наурыз 2023, 12:42
880
Бөлісу:
Сайлау-2023: Анонимдік үгіт материалын таратқан БАҚ өкілі жауапқа тартылды
Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Анонимдік үгіт материалдарын таратудың 5 фактісі анықталды. Олар бойынша 4 адам жазаланды. Кодекстің 113-бабына сәйкес жауапқа тартылды. Үшеуі – Ақмола облысы кандидаттарының, біреуі – бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі. Ал бір факт Түркістан облысынан Мәжіліс депутаттығына кандидат тарапынан жол берілген. Қазіргі таңда Орталық сайлау комиссиясының келісімі алынды. Бұл кандидатқа қатысты тиісті әкімшілік құжаттар сотқа жолданатын болады. Дегенмен, бұл кандидаттың тіркеуінің күшін жоюға әкеп соқтырмайтынын атап өткен жөн, - деді Бас прокурордың орынбасары. 

Яғни айыппұл салынғанымен, ол өзінің сайлау құқықтарын одан әрі жүзеге асырады. 

Мәслихат депутаттығына кандидаттарға қатысты прокурорлар 11 заң бұзушылықты анықтады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 114-бабы бойынша алты азаматқа мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт материалдарын бүлдіргені үшін айыппұл салынды. Алматыда пәтер иелері кооперативінің төрағасы қалалық  мәслихат депутаттығы кандидаттарының біріне қызмет көрсетілетін үйлердің кіреберістеріне үгіт материалдарын орналастыруға рұқсат берген, ал екіншісіне тыйым салған. Осы арқылы ол аталған кандидатқа үгіт жұмысын жүргізуге кедергі келтіргені үшін Кодекстің 103-бабы бойынша жазаға тартылды, - деді Жандос Өмірәлиев.  

Өзгелердің жаңалығы