Семейде 1000 адам Әнұран орындады

4 Маусым 2023, 13:40
916
Бөлісу:
Семейде 1000 адам Әнұран орындады
Фото: Абай облысы әкімдігінен

1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондықтан бұл күн ел тарихында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер. Мемлекеттік рәміздерге - Көк байрақ, Елтаңба және Әнұран жатады. 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. 

Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Сондықтан республика азаматтарының мемлекеттік рәміздерді қастерлеуі - парыз. 

Бүгін айтулы мерекеге орай Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, жергілікті мемлекеттік қызметшілер, жастар ұйымдарының өкілдері, жоғары және кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің студенттері, құқық қорғау органдары мен әскери сала қызметкерлері, Самат Смақов бастаған «Елімай» футбол клубының ойыншылары, шығармашылық топтар мен танымал спортшылардан құралған 1000 адам «Спартак» стадионында еліміздің Мемлекеттік Гимнін орындады.

Өзгелердің жаңалығы