Сенатор: Орман өрттері ТЖ мәселелерін ашық көрсетті

29 Қыркүйек 2022, 12:48
757
Бөлісу:
Сенатор: Орман өрттері ТЖ мәселелерін ашық көрсетті

Бұл туралы бүгін өткен Сенат отырысында сенатор Сергей Ершов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, вице-спикер Асқар Шәкіров бастаған сенаторлар тобы әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметін мемлекеттік меншікке қайтаруды ұсынып отыр. Мұндай қадамды қабылдау қажеттілігінің себептерін олар еліміздің Премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалда жазған.

Сенаторлар Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және басқа да облыстардағы ауқымды өрттер қызметтердің төмен техникалық жабдықталуының өткір проблемаларын ашқанын атап өтті. Белгілі болғандай, өрт сөндірушілер тілсіз жауға өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары шығарылған арнайы техникалармен қарсы тұрды.

Сонымен қатар депутаттар елдегі қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жалғыз мемлекеттік қызмет 2018 жылы жеке меншікке өткенін, оның баланстық құнынан екі есе төмен сомаға жекешелендірілгенін еске салды.

Осы мәселе бойынша біздің комитеттің сенаторлары аталған кәсіпорынды жекешелендірудің заңдылығын оның теңгерімдік құнынан екі есе арзан сомаға тексеру өтінішімен, сондай-ақ мемлекеттік қатысуды енгізе отырып және «Азаматтық қорғау туралы» бейінді заңды жетілдіре отырып, кәсіпорынның портфелін әртараптандыруды ұсынған, бес депутаттық сауал жолдады. Өкінішке қарай, осы кәсіпорынды жекешелендірген мемлекет мамандандырылған қызметтен айырылды, - делінген депутаттық сауал мәтінінде.

Сенаторлардың ақпараты бойынша, Президенттің тапсырмасы аясында Үкіметте экономиканы монополиясыздандыру, атап айтқанда, бұрын негізсіз жекешелендірілген объектілерді мемлекеттік меншікке беру жөніндегі арнайы комиссия құрылды.

Осыған байланысты аталған комиссияның таяудағы отырысында 1932 жылы құрылған алғашқы отандық авариялық-құтқару қызметтерінің құқықтық мирасқоры жекешелендірілген «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» мемлекеттік кәсіпорнын мемлекет меншігіне қайтару туралы мәселені қарауды сұраймыз, - деді сенатор Сергей Ершов.

Өзгелердің жаңалығы