Шұрық-тесік. Сенатор республикадағы автожолдарды сынға алды

29 Қыркүйек 2022, 12:28
1031
Бөлісу:
Шұрық-тесік. Сенатор республикадағы автожолдарды сынға алды

Бұл туралы бүгін өткен Сенат отырысында депуат Серік Шайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сенатор өзінің депутаттық сауалында жергілікті автожолдарды жөндеу сапасының нашар бақыланатынын, жоспарлау тиісті талдаусыз жүргізілетінін айтты. Айтуынша, жол саласы «қалдық қағидаты» бойынша қаржыландырылады. 

Елімізде жолдарды салу және жөндеу үшін барлық қажетті материалдар бар. Алайда отандық өндірістің әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Мысалы, жаз кезінде шамамен 500 000 тонна көлемінде битум тапшылығы туындайды. Құрылыс маусымының қызған шағында битумның бағасы үш есе артады, өндірушілер битумды толықтай сатып алып, мердігерлерге сататын делдалдарға сатады. Дизель отынының бағасынан да осыған ұқсас жағдай байқалады, - деді сенатор.

Депутат жергілікті жолдардың теңгерімді дамуы мен күтіп ұсталуын қамтамасыз ету үшін ортақ пайдаланудағы барлық жолдарды басқару бойынша бірыңғай әкімшілік құру, сондай-ақ жол құрылысы үшін жергілікті материалдарды белсенді пайдалану қажет екеніне сенімді.

Сенатор делдалдарды жою, зауыттардың мердігерлермен тікелей шарттар жасасу жөніндегі міндеттемелері, қажет болған жағдайда шарттарды түзету рәсімдерін жеделдету, сондай-ақ сметалық құжаттамаға бақылауды күшейту қажет деген ұсынысын білдірді. 

Соңғы жылдары «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендердің көшелерін жөндеуге қомақты қаржы бөлінуде. Бөлінген қаражат негізінен орташа жөндеу жұмыстарын қаржыландыруға бағытталады, дегенмен оның сапасы нашар. Себебі, сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан да, ведомстволық сараптамадан да өтпейді. Конкурстар компанияларды 40% жеңілдікпен жеңеді, бұл сапада көрінеді. Елді мекендердің көшелерін жөндеуге міндетті ведомстволық сараптама енгізу қажет, - деді Серік Шайдаров. 

Өзгелердің жаңалығы