Спортшылар шетелге бармай-ақ терең диагностикадан өтіп жүр

29 Наурыз 2023, 12:11
621
Бөлісу:
Спортшылар шетелге бармай-ақ терең диагностикадан өтіп жүр
Фото: aspetar.com

Спорттық медициналық орталықта 2022 жылдың басынан орталықтың ашылуына және бір ғимаратты толық медициналық тексеріске дайындауға байланысты жұмыс жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 356 бұйрығына сәйкес бастапқы дайындық кезеңінде, оқу-жаттығу кезеңінде, спорттық жетілдіру кезеңінде қамтылған спортшылар, жоғары спорттық шеберлік сатысында ҚР құрама командаларының спортшылары тереңдетілген медициналық тексеруден өтіп, оның нәтижесі бойынша спорттық іс-шараларға қатысуға куәлік беріледі.

Астана қаласының Спорттық медициналық орталығының хабарлауынша, үй-жайларға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, медициналық лицензия алуға өтініш берілді. Лицензия алу жарық пен суды өлшеу, СЭС-тің барлық стандарттарға сәйкестігін тексеру және қызмет түрлері бойынша медициналық қызметкерлердің құжаттарын тексеру сынды бірнеше тексеруден тұрды.

2022 жылдың 8 қыркүйегінен бастап Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы ведомстволық бағыныстағы ұйымдарына тереңдетілген медициналық тексерулер жүргізе бастады. Биыл 1, 2, 4, 5, 8 БЖМОРСМ-мен Олимпиадалық спорт түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясына, олимпиадалық емес спорт түрлерінен спортты дамыту дирекциясына медициналық тексерулер жүргізді. Медициналық тексерістен өткен спортшылардың жалпы саны шамамен 6575 адамды құрады. 

Сонымен қатар шағымдар мен өтініштер болған жағдайда физиотерапиялық қызмет көрсету, спортшыларды сауықтыру, оңалту және қалпына келтіру жұмысы жүргізілді.

Астана қаласының Спорттық медициналық орталығы соңғы үлгідегі арнайы медициналық жабдықтармен жабдықталған. Енді спортшылар басқа қалаларға, шетелдерге бармай-ақ, жеке клиникаларға немесе жеке мамандарға жүгінбей-ақ, медициналық диагностика, дене даярлығы мен қимыл-қозғалысының деңгейін анықтайтын кешенді тестілеуден өте алады. Сонымен қатар жарақат алған спортшыларды сауықтыру қарастырылған. 

Өзгелердің жаңалығы