СҚО-да әйелдер қар құрсауынан құтқарылды

16 Наурыз 2023, 15:48
510
Бөлісу:
СҚО-да әйелдер қар құрсауынан құтқарылды
Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі

СҚО ТЖД баспасөз қызметі деректеріне сүйенсек, қар құрсауында қалып қойғандардың арасында 1 ер адам, 6 әйел және бір 10 жасар бала болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

15 наурызда түсте СҚО Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылының аудан орталығынан 15 шақырым жерде 2 автокөліктің жолаушылары қарлы боран соғып жатқан аймаққа тап болған. Автожолдағы қар кептелісінде олар жедел жәрдемге үміттеніп, дереу 112 телефонына қоңырау шалды. Оқиға орнына аудандық ТЖ бөлімінің, жергілікті атқарушы органдар мен полицияның күштері мен құралдары дереу жіберілді. Степногорск қаласынан Ресей Федерациясының Омбы қаласына ұзақ маршрутпен келе жатып жолдың шетіне шығып кеткен "Фольксваген" шағын автобусының жолаушылары, сонымен қатар "Лада Приора" жеңіл көлігімен келе жатқан Кішкенекөл тұрғындары көмекті ұзақ күткен жоқ. 

Оқиға орнына келген құтқару тобының мүшелері қар тұтқынынан 8 жолаушыны құтқарып алды. Оның ішінде 1 ер адам, 6 әйел және бір 10 жасар бала болды. Көлік құралдары сүйретіліп, 5 сағаттан кейін зардап шеккендер аудан орталығының орта мектебінің базасында орналасқан эвакуациялық пунктке жеткізілді.

Адамдар мектепке орналастырылды, оларға ыстық тамақ пен шай берілді. Ал таңертең боран басылып, жолдар тазартылғаннан кейін қозғалысын жалғастырды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Жолаушылар мен жүргізушілер аудандық әкімдіктің ТКШ бөлімінің басшысы Амангелді Қойшыбаевқа, полиция және ТЖ бөлімінің қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғыстарын білдіріп, Наурыз мерекесі қарсаңында оларға денсаулық пен амандық тіледі, - деп Уәлиханов ауданы ТЖБ қызметкері азаматтық қорғау аға лейтенанты Ақылбек Амангелдинов құтқару операциясына түсініктеме берді.

Өзгелердің жаңалығы