Сыр жастары шахмат шеберін әуежайда күтіп алды

26 Қазан 2022, 20:53
7123
Бөлісу:
Сыр жастары шахмат шеберін  әуежайда күтіп алды

Бүгін Сыр спортының үкілеген үміті, талантты спортшы Әсел Серікбай Италия қаласында өткен Әлем чемпионатында 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы халықаралық шахмат додасынан күміс медалді қанжығасына байлап, туған жеріне аман-есен оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұған дейін 4 дүркін Әлем чемпионы, 17 дүркін Қазақстан чемпионы атанған Әсел бұл жолғы бәсекеде облыс тарихында тұңғыш рет шахмат гроссмейстері атағын қорғады.

 Туған жерге алып-ұшып жеткен жерлесімізді күтіп алу сәтіне арнайы қатысқан Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы жас спортшыны жеңісімен құттықтап, гүл шоқтарын табыстады.

Сыр спортының саңлағын әуежайдан қошеметпен күтіп алуға облыстық "Жастар орталығы" КММ-нің қызметкерлері де барып, мерейлі сәттің куәгері болды. 

Өзгелердің жаңалығы