Бабамыз салдырған мешіт жамағатқа есігін қайта ашты - Әшімбаев

4 Маусым 2023, 16:24
844
Бөлісу:
Бабамыз салдырған мешіт жамағатқа есігін қайта ашты - Әшімбаев
Фото: Сенаттың баспасөз қызметінен

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Сұлтан Бейбарыс аз-Захир мешітінің ашылу салтанатына келді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі Каирден.

Бүгінгі іс-шараға Әшімбаевтан бөлек, елімізден делагеция арнайы келді. Делегация құрамында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі бар.

Қазір ресми бөлімнен кейін тараптар халықаралық ғылыми конференция өткізеді.

Құрметті Шейх Ахмет Тайб, құрметті қауым, біз бүгін өркениеттер ортасы саналатын Мысыр елінде маңызды іс-шараға жиналып отырмыз. Биыл қазақ пен мысыр еліне ортақ тарихи тұлға Бейбарыс сұлтанның туғанына 800 жыл толды. Осыған орай даңқты бабамыз салдырған мешіт жамағатқа есігін қайта ашып отыр. Тарихы терең бұл құлшылық үйі екі елдің бірлескен жұмысының нәтижесінде қалпына келтіріліп, жөндеуден өткізілді, – деді Мәулен Әшімбаев.

Бүгін аумағы 10 мың шаршы метрден асатын Сұлтан Бейбарыс аз-Захир мешітнің ашылуы өтетінін хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы