Театр басшысы: Алғашқы бірмандаттық сайлау – қоғамның алға жылжуының белгісі

19 Наурыз 2023, 23:21
779
Бөлісу:
Театр басшысы: Алғашқы бірмандаттық сайлау – қоғамның алға жылжуының белгісі
Фото: sputnik.kz / Владислав Воднев

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры Айболат Жаудыр елдегі саяси оқиғаға қатысты   пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Азаматтық парызымды өтеу үшін сайлауға дауыс беруге мен де бардым. Еліміздегі алғашқы бірмандаттық сайлаудың өткені көңіл қуантады. Бұл да болса алға жылжу, қоғамда үлкен үдеріс алғандығының белгісі деп санаймын, - деп атап өтті театр басшысы. 

Сонымен қатар ол сайлауға түскен жастардан көп үміт күтетінін жасырмады. 

Сондықтан болашақта бұл сайлаудың нәтижесі де еліміздің өркендеуіне үлкен үлесін қосады деген үміттемін. Себебі білікті де білімді мамандардың саяси додаға түскені белгілі. Олар өздерінің жинаған тәжірибелері мен алған білімдерін еліміздің өркендеуіне жұмсайды деген үмітім зор, - деді Айболат Жаудыр. 

Бүгін еліміздегі айтулы саяси оқиға – Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау аяқталғаны белгілі. 

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петровтың айтуынша, сайлаудың қорытынды статистикасы ертең ұсынылады. Әзірге алдын ала тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19 пайызы немесе 6 млн 521 мың  860 адам дауыс берген. 

Өзгелердің жаңалығы