Тоқаев Сенат төрағасын ұсынды

26 Қаңтар 2023, 10:13
1166
Бөлісу:
Тоқаев Сенат төрағасын ұсынды

Бұл туралы Мемлекет басшысы  Парламент Сенатының отырысында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын,- деді Мемлекет басшысы.

Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарғанын айтып өтті.

Заң шығару жұмысын жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан, оны Сенат Төрағалығына лайықты деп санаймын.Сенаттың қызметі табысты болсын! Баршаңызға амандық тілеймін!,- деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы