Төрт пайызбен он жылға жеңілдетілген несие беріледі

27 Қаңтар 2023, 16:24
3125
Бөлісу:
Төрт пайызбен он жылға жеңілдетілген несие беріледі
PHOTO

Биыл Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің бірінші отырысы Келес ауданында болып өтті, деп хабарлайды аймақтағы BAQ.KZ тілшісі. 

Аталған отырысқа облыстық және кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағаларының мүшелері, заң қадағалау, құқық қорғау органдарының басшылары,  атқарушы және уәкілетті органдар мен  БАҚ өкілдері қатысты. 

Өңірлік кеңестің төрағасы Нұралы Әбішевтің айтуынша, отырыстың мақсаты барлық кәсіпкерлерді ортақ мақсатқа біріктіру. 

Төрт пайызбен он жылға жеңілдетілген несие беріледі

Бүгінгі жиында кәсіпкерлердің мәселелеріне құлақ асып, олардың шешім табуына көмектескіміз келеді. Сондай-ақ аймақтағы кәсіп иелерінің басын қосып, бірігуге шақыру. Яғни өздеріңіз бірауыздан жұмылып, мемлекеттік мекемелерге және түрлі ұйымдардың өкілдеріне мәселелеріңізді айтып, жеткізе аласыздар, – деді Нұралы Әбішов. 

Отырыста шағын және орта бизнес өкілдеріне жасалатын қысым, кәсіпкердің жұмысына заңсыз араласатындар мен әкімшілік тарапынан болатын кедергілер, басқа да өзекті мәселелер қаралды. 

Төрт пайызбен он жылға жеңілдетілген несие беріледі

Жалпы, бизнес кедергісіз үшін проблемаларға жол бермеуге басымдық беріліп отыр. Сіздерге біздің департаменттің бизнес өкілдерімен ашық диалогқа шығуға, бір істі жүргізуге  кедергі келтіретін мәселелерді бірлесіп шешуге әзір екенін айта кеткім келеді, – деді  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Керімханұлы.  

Ауқымды басқосуда кәсіпкерлер балық шаруашылығы, балабақшалар мен ірі қара малдарға бөлінетін субсидия мен мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімді болуы жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Одан бөлек, қаржы ұйымынан алған несиелерінің өтеу мерзімін бір жылға шегере тұруға, жеңілдетілген несие беру мәселелерін қарастыруды сұрады. 

Төрт пайызбен он жылға жеңілдетілген несие беріледі

Өз кезегінде кәсіпкерлер палатасының мамандары да балық  шаруашылығымен айналысқысы келетіндерге 500 миллион теңге жемге, субсидияға 200 миллион теңге, төрт пайызбен он жылға жеңілдетілген несие берілетіні туралы жақсы жаңалықты жеткізді. 

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев. мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің мәселесі бірнеше рет отырыстарда қаралғанын айтып өтті. Оның сөзінше бұл жүйелі проблемалардың бірі. Бүгінде бөбекжайларға мониторинг жүргізіліп жатыр, ал Палата соның нәтижесін күтіп отыр. 

Жиынға келген кәсіпкерлер балабақшадағы екі жасар балаға төленбейтінін алға тартты. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Орынбасар Қабыштаев аталған күрделі мәселені екі жылдан бері Палата алаңында көтеріп келе жатқанын айтты. 

Төрт пайызбен он жылға жеңілдетілген несие беріледі

Бұл мәселені Республика деңгейіне дейін жеткіздік. Шешімін өзіміз де күтудеміз, –  деді Орынбасар Қабыштаев. 

Жиын соңында келестік кәсіпкерлердің көтерген ұсыныстары мен өтініштері тиісті мекемелердің назарына  алынды, ал бизнес өкілдеріне құқықтық көмектер көрсетілді.

Өзгелердің жаңалығы