Халықаралық Тараз инновациялық институтына Шерхан Мұртазаның есімі беріледі

27 Қыркүйек 2022, 08:18
4417
Бөлісу:
Халықаралық Тараз инновациялық институтына Шерхан Мұртазаның есімі беріледі

Жамбылда Халықаралық Тараз инновациялық институтына Шерхан Мұртазаның есімі беріледі. Бұл туралы BAQ.KZ журналист Жасұлан Әбдіхалықтың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналист жазбасы бойынша өңірдегі іргелі оқу орны бұдан былай Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты аталады.

Бұған дейін аталған оқу ордасының алдына заңғар тұлғаның ескерткіші орнатылған.

Айта кетейік, ертең заңғар жазушы, көсем сөздің шебері Шерхан Мұртазаның туған күні. Қазақ журналистикасының қайраткері, халық жазушысы биыл 90 жасқа толар еді.

Өзгелердің жаңалығы