Жаңа Бұқтырмада жаңа мектеп бой көтереді – ШҚО

7 Маусым 2023, 07:32
872
Бөлісу:
Жаңа Бұқтырмада жаңа мектеп бой көтереді – ШҚО
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Жаңа Бұқтырма кентінде қазақ тілінде оқытатын 200 орындық жаңа мектеп салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасап, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешетінін, бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтатынын нақтылап тапсырған.

Қазіргі күні ШҚО-да апатты және үш ауысымды мектептер жоқ, дегенмен жыл сайын жаңа білім беру мекемелерін салу қажеттілігі артып келеді.

2025 жылға дейін облыста барлығы 20 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Оның бір бөлігі «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтермек. Биыл Өскемен, Белоусовка және Жаңа Бұқтырма кенттерінде жаңа білім ордалары салынады.

Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен миллиард теңге қаражат бөлінді, қазір конкурстық рәсімдер жүргізілуде, содан кейін мердігер жұмысқа кіріседі, – деді Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова.

Сондай-ақ жазғы кезеңде ауданның 10 мектебіне жалпы сомасы 52 миллионан астам теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Өзгелердің жаңалығы