Жас қари жаңа көлік жеңіп алды

29 Қыркүйек 2022, 20:53
1709
Бөлісу:
Жас қари жаңа көлік жеңіп алды
PHOTO

Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІ республикалық байқауы мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

80 үміткер қатысқан байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сауапты іс-шараға демеушілік жасаған Бахаридин Аблязимов, зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Аллаға сансыз шүкірлер болсын, жасынан Құран жаттаған қарилардың байқауын қорытындылап, марапаттап отырмыз. Осы байқауды өткізуге атсалысқан ҚМДБ ұжымы мен Қызылорда облыстық өкілдігіне, қариларды бастап келген облыстардың бас имамдары мен барша дін қызметкерлеріне, сонымен қатар демеуші болған Бахаридин Нұғманұлына, Сәдуақас Олжабаев қариымыз бастаған әділқазы мүшелеріне алғысымды білдіремін. Байқауға қатысқан қариларымыздың бәрі жеңімпаз атанды деп санаймын. Өйткені бұл байқау әрбір қариға үлкен жігер сыйлады. Жүлделеріңіз құтты болсын» деді Бас мүфти марапаттау сәтінде.

Жас қари жаңа көлік жеңіп алды

ҚМДБ Төрағасы байқауды ұйымдастырған азаматтар мен әділқазы мүшелерін алғыс хатпен марапаттады.

Жас қари жаңа көлік жеңіп алды

Сонымен қазылар алқасының шешімімен 4 аталым бойынша жеңіс тұғырынан көрінген қарилардың тізімі төмендегідей:

«Мәнерлеп оқу» бойынша:

І орын ( 700 000 теңге) – Арман Жамбылұлы (Атырау облысы)

ІІ орын (500 000 теңге) – Азамжан Ысмайыл (Астана қаласы)

ІІІ орын (300 000 теңге) – Баубек Бектұрғанов (Алматы қаласы)

«10 пара» бойынша:

І орын (1 500 000 теңге) – Есімбек Арсен (Қарағанды облысы)

ІІ орын (1 000 000 теңге) – Ермек Жұманазаров (Маңғыстау облысы)

ІІІ орын (750 000 теңге) – Садриддин Абдукаримов (Шығыс Қазақстан облысы)

«20 пара» бойынша:

І орын (2 000 000 теңге) – Ақмал Рақымқұлов (Алматы облысы)

ІІ орын (1 500 000 теңге) – Абдулбақи Абдилазиз (Алматы қаласы)

ІІІ орын (1 000 000 теңге) – Игілік Исламнұры (Түркістан облысы)

ІІІ орын (1 000 000 теңге) – Мұхаммед Ығылман (Мыңғыстау облысы)

«30 пара» бойынша:

І орын (автокөлік) – Иманәлі Мырзагелді (Жамбыл облысы)

ІІ орын (3 000 000 теңге) – Нығматулла Абдазимов (Алматы қаласы)

ІІІ орын (2 000 000 теңге) – Рауашан Хабиолла (Батыс Қазақстан облысы)

ІV орын (1 000 000) – Нұртілеу Сейітқасым (Алматы облысы)

V орын (700 000) – Абай Шыңғысұлы (Қостанай облысы)

Жас қари жаңа көлік жеңіп алды

Ал "көрермен көзайымы" аталымы бойынша ынталандыру сыйлығы (500 000) Қызылорда облысынан қатысқан Аюбай Нұр-Мұхаммед қариға бұйырды.

Еске сала кетейік, екі күнге созылған Құран байқауы «Munara TV» телеарнасынан тікелей эфирде, «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан және Мүфтияттың Instagram-дағы @muftiyatkz парақшасынан онлайн көрсетілді.

Өзгелердің жаңалығы