Жолбарыстар Қазақстанға 2025 жылы оралады – Беркінбаев

29 Шілде 2022, 19:19
1347
Бөлісу:
Жолбарыстар Қазақстанға 2025 жылы оралады  – Беркінбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 шілде – Халықаралық жолбарыстар күні. Осыған орай, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбайұлы әлеуметтік желіде  жолбарыстар жөнінде деректермен бөлісті. 

Ол ХХ ғасырдың басында жер бетінде жолбарыстың 9 түрі мекендеп, саны 100 мыңнан асса, ХХІ ғасырдың басында шамамен 3,5 мыңы қалғанын айтты. Сондай-ақ Тұран жолбарыстарының соңғы өкілдері 1970 жылдары жоғалып кеткенін атап өтті.

Қазіргі таңда Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігі Балқаш маңында жолбарыс популяциясын қалпына келтірудің 15 жылға арналған бағдарламасын жасады. Ол аңның мекен ету ортасын дайындау, жолбарысты табиғатқа жіберу және бағдарламаның жүзеге асуын бақылау шараларын қамтиды, - деп жазды ол. 

Беркінбаевтың айтуынша, 2018 жылы «Іле-Балқаш» резерваты құрылып, онда биотехеникалық шаралар арқылы қабан, құлан, қарақұйрықтарды көбейту, бұқар бұғыларының популяциясын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Осы аталған шаралар орындалғаннан кейін экожүйе жолбарыс популяциясын ұстап тұруға қабілетті болмақ.

2010 жылы Қазақстан халықаралық жолбарыс саммитінде Орталық Азияға Тұран жолбарыстарын қайтаруға дайын екенін мәлімдеген. Ал 2017 жылы Қазақстан мен Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры (WWF) Оңтүстік Балқаш маңы мен Іленің Дельта ауданында жолбарыстың реинстродукциясы бағдарламасын жүзеге асыру туралы Меморандумға қол қойылды. Елімізге алғашқы жолбарыстар 2025 жылы әкелінбек, - деп хабарлады. 

Өзгелердің жаңалығы