Магомед Адиев: Бізге нәтиже тек ертең ғана керек емес

Магомед Адиев: Бізге нәтиже тек ертең ғана керек емес
Футбол

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Даниямен матч алдында тілшілердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Bassport.kz.

– Осыған дейінгі матчтар секілді ертеңгі ойында қиынға соғары сөзсіз. Қарсыластың шабуыл шебі мықты. Қорғанысында топ-клубтардың футболшылары өнер көрсетеді. Олар жақында әлем чемпионатында бақ сынады. Біз кіммен кездесетінімізді жақсы түсініп отырмыз.

– Алғашқы ойындағы ұпай жоғалтудан кейін ойыншылардың психологиялық жағдайы қалай?Оның үстіне ертеңгі ойында жеңіске жету керек.

– Жеңіс ертеңгі ойында ғана емес, барлық кездесулерде болуы тиіс. Өкінішке қарай, алдыңғы матчта жолымыз болмады. Он ұпайдан жоғары немесе одан төмен ұпай жинаймыз деген жоспарымыз жоқ. Мен бұл туралы үнемі айтамын. Біздің міндетіміз – келесі ойында, кіммен және қайда ойнасақ та, бәсекеге қабілетті болу. Мен үшін ең бастысы – құрама жігіттерінің дайындығы мен зейіні, әр ойында жеңіске деген ұмтылысы.

– Жарақат алған Быстров, Қуат және Айымбетовтың жағдайлары қалай?

– Бірінші ойыннан кейін құраманың біршама ойыншысы жарақат алды. Быстровтың ойнауы екі талай, дәрігерлер Маратпен әлі де болса жұмыс істеп жатыр. Малый, Айымбетов және Габышевта кішігірім жарақат бар. Ал Қуат болса өкінішке орай Данияға қарсы ойнай алмайды. Дегенмен, Қуат секілді сақа ойыншылар алаңға шықпағанымен, киім ауыстыру бөлмесінде де маңызды рөл атқарады. Ертеңгі негізгі құрамда қандай өзгеріс болады? 

– «Астана» командасының бас бапкері Григорий Бабаянмен Қазақстан құрамасының футболшыларының алаңға сирек шығуына қатысты сөйлеспедіңіз бе?

– Мен онымен оқу-жаттығу жиындарында және телефон арқылы да сөйлестім. Мен ешқашан әріптестеріме ақыл-кеңес айтпаймын. Ол білікті бапкер. Менсіз-ақ бәрін жақсы біледі. Клубтың мақсаты үшін жұмыс істейді.Біздің пікіріміз әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ әріптес ретінде сыйлаймыз, құрметіміз жоғары.

– Словениямен матчтан кейін ұлттық құраманың бірнеше ойыншысы сұхбат беруден бас тартты. Ал қарсыластың футболшыларынан ондайды байқамадық. Тіпті, әлемдік деңгейдегі үздік қақпашылардың бірі Ян Облактың өзі қарапаймдылық танытты. Неліктен біздің ойыншылар сондай?

– Мен бұл сұрақ бойынша жігіттермен сөйлесемін. Футболшылардың бұл құрмет көрсетпеуі екен деп қате түсініп қалмаңыздар. Құрама жанкүйерлердің көңілінен шығатын нәтиже жетуге тырысты. Бірақ болмады. Содан кейін көңіл күйлері түсіп кетті. Мен олармен жеке де бірге отырып та сөйлестім. Жігіттерге бұл жайлы тағы айтамын. Тілшілер мен жанкүйерлерге құрметтері болуы тиіс.