Стэнли Кубогы финалының ойын кестесі жарияланды

Стэнли Кубогы финалының ойын кестесі жарияланды
Хоккей

Ұлттық хоккей лигасы Стэнли кубогы финалының ойын кестесін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

“Вегас Голден Найтс” пен “Флорида Пантерз” командалары арасындағы финалдық серия 4 маусым күні басталады. 

Екінші ойын 6 маусым, үшінші және төртінші матчтар 9-11 маусым күндері өтеді. Қажет болған жағдайда 14, 17 және 20 маусым күндері де матчтар болады.

Серияның алғашқы екі ойыны Лас-Вегаста өтеді және барлық ойындар Астана уақытымен таңғы 06:00-де басталады.