“Челси” жаңа бас бапкерін таныстырды

“Челси” жаңа бас бапкерін таныстырды
Футбол

Лондондық “Челси” команданың жаңа бас бапкері қызметіне Марисио Почеттиноны тағайындады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

51 жастағы маман қол қойған келісімшарт “2+1” жүйесі негізінде жасалған. Аргентиналық маман бас бапкер қызметін атқарған Фрэнк Лэмпардтың орнын басты. 

Почеттино бұған дейін “Эспаньол”, “Саутгемптон”, “Тоттенхэм”, “ПСЖ” сияқты клубтарды жаттықтырған.