«Allur» командасы футзалдан әлем кубогында топ жарды

«Allur» командасы футзалдан әлем кубогында топ жарды
Футбол

Испанияның Барселона қаласында әуесқойлар арасында өткен футзалдан Құрлықаралық әлем кубогында Қазақстан намысын қорғаған «Allur» клубы топ жарды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

 Әлем кубогы 22-27 мамыр аралығында ұйымдастырылды. Осымен VI рет өткізілген додаға 4 құрлықтың 6 мемлекетінің чемпиондары бақ сынады. Атап айтқанда– Франция, Бразилия, Испания, Колумбия, Австралия және Қазақстан чемпионы бақ сынады. Азия құрлығынан 2022 жылғы Қазақстан чемпионы «Allur» клубы барды. 

 Отандастарымыз топтық кезеңде Бразилия мен Австралия қақпасына 9 гол соқты. Сондай-ақИспания мен Колумбиядан басым түсті. 

 Финалда Франциямен қайта жолығып 6:2 есебімен есе қайтарды. 

Қазақстан қақпашысы Бейбітжан Мамраинов турнирдің үздік қақпашысы атанды. 

 Құрлықаралық кубок

Австралия - Қазақстан - 3-9

Қазақстан - Бразилия - 9-3

Қазақстан- Франция - 3-3

Колумбия - Қазақстан - 2-8

Испания - Қазақстан - 2-3

Финал:

Қазақстан - Франция - 6:2.