Никита Михайлистің «Металлургтегі» жалақысы белгілі болды

Никита Михайлистің «Металлургтегі» жалақысы белгілі болды
Хоккей

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Никита Михайлистің «Металлургтегі» жалақысы бір маусымда шамамен 55 миллион рубльді (303,47 млн теңге) құрайды, деп хабарлайды BasSport.kz.

30 мамырда Михайлис Магнитогорск клубының ойыншысы атанды, еркін агент ретінде бір жылдық келісімшартқа қол қойды. Михайлис спорттық мансабында «Барыс» сапында өнер көрсетті. Клубтағы дебюті 2014/15 маусымда болды.

27 жастағы хоккейшінің есебінде ҚХЛ тұрақты чемпионатында 375 матч, 95 гол және 113 нәтижелі пас бар. Сондай-ақ Михайлис плей-оффтың 36 матчында 13 (4+9) ұпай жинады.