«Ролан Гаррос»:Александр Недовесов екінші айналымға шықты

«Ролан Гаррос»:Александр Недовесов екінші айналымға шықты
Теннис

Қазақ теннисшісі Александр Недовесов жұптық сында «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Отандасымыз мексикалық Мигель Анхель Рейес-Вареламен бірге АҚШ спортшылары Джексон Уитроу - Натаниэль Лэммонспен жолықты. Алғғашқы кезеңде америкалық жұп 6:3 есебімен жеңіске жеткен. Одан кейін Недовесов пен Рейес-Варела қаһарына мінді. Сөйтіп, келесі екі партияны өз пайдаларына шешті- 6:1, 6:4.

Рейес-Варела мен Недовесов екінші айналымда уругвайлық Ариэль Беар - чехиялық Адам Павлашекпен ойнайды.