«Қайрат» футзал клубына жаңа бас бапкер келді

«Қайрат» футзал клубына жаңа бас бапкер келді
Футбол

«Қайрат» футзал командасы жаңа бас бапкерін таныстырды. Бразилиялық Каканың орнына Пиреней түбегінен Марлон Веласко келді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ол соңғы рет Испанияның жоғары дивизионындағы «Ноя Портус Апостоли» клубын жаттықтырған. Сонымен қатар Веласко «Пальма Футзал» клубының тізгінін ұстаған. Бұл УЕФА Чемпиондар лигасының соңғы жеңімпазы. Келісімшарт «2+1» жүйесі бойынша жасалды.