Юлия Путинцева әлемнің 19-ракеткасын жеңіп, үшінші айналымға өтті

Юлия Путинцева әлемнің 19-ракеткасын жеңіп, үшінші айналымға өтті
Теннис

Сурет: globallookpress.com

Қазақ теннисшісі Юлия Путинцева “Ролан Гаррос” турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Жарыстың екінші кезеңінде әлемнің 19-ракеткасы қытайлық Чжэн Циньвэньді 6:3, 4:6, 6:2 есебімен жеңді.

Франция ашық біріншлігінің төртінші айналымына шығу үшін Юлия Путинцева америкалық Слоан Стивенспен шеберлік байқасады.