"Сарыарқа" алты хоккейшімен келісімшарт жасасты

Хоккей

Сурет: "Сарыарқа" ХК баспасөз қызметі 

Қарағандылық "Сарыарқа" хоккей клубы алты хоккейшімен келісімшарт жасасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Шабуылшылар Муса Гусейнов, Кирилл Пономраев, Никита Баженов пен қорғаушы Евгений Болякин клубпен жаңа келісімшартқа қол қойды. Сондай-ақ, форвардтар Григорий Степанов пен Роберт Ущев қарағандылық команда жасаған квалификациялық ұсынысты қабыл алды. 

Айта кетейік, ойыншылардың клубпен жасасқан жаңа кеелісімшарты бір жылға шақталған.