Арсен Бораншиев ауруханадан шықты

Арсен Бораншиев ауруханадан шықты
Футбол

Алматының «Қайрат» клубының 21 жастағы жартылай қорғаушысы Арсен Бораншиев ауруханадан шықты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ол 14 мамырда премьер-лиганың 9-турында «Ақтөбемен» кездесуде есінен танып қалған болатын. «Қайрат» жартылай қорғаушысы шұғыл тұрде ауруханаға жеткізілді. Оған операция жасалды. Шамалы уақыт реанимацияда болды.

Бүгін Арсен Бораншиев ауруханадан шығып, командаға оралды. Енді қайта қалпына келу процестерін өтеді.