Криштиану Роналду мансабын қайда жалғастыратынын айтты

Криштиану Роналду мансабын қайда жалғастыратынын айтты
Футбол

Сурет: Getty Images

”Әл-Насрдың” португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду келесі маусымда мансабын қай клуб сапында жалғастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Клубпен бірге кубокты жеңіп алғым келген, бірақ бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Соңғы 5-6 айда клуб та, лига да өсті. Осы жылы мемпион атану мүмкін болмағанымен, алдағы уақытта бұл мақсатымызға қол жеткізетінімізге сенімдімін. 
Мен мұнда бақыттымын және мансаьымды осында жалғастыра беремін. Лига осы даму қарқынынан таймаса, әлемнің үздік бестігіне енеді деп ойлаймын”, - деді Криштиану Роналду “Әл-Наср” YouTube каналына берген сұхбатында.

Еске салайық, Роналду қысқы трансферлік кезең кезінде “Әл-Наср” құрамына қосылған. Биылғы маусымда “Әл-Наср” Сауд Арабиясы чемпионатында екінші орын алды.