Швейцария бокс федерациясы ІВА құрамынан шықты

Швейцария бокс федерациясы ІВА құрамынан шықты
Бокс

Сурет: kfb.kz

Швейцария бокс федерациясы ІВА құрамынан шығатынын мәлім етті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Өйткені, Швейцария бокс қауымдастыүы жаңа World Boxing ұйымы қатарына қосылуға ниет білдіріп отыр. Мұндай шешімді қабылдауға Халықаралық Олимпиада комитетінің енді ІВА-дің бокстан төртжылдықтың басты бәсекесін өткізе алмайтынын мәлімдеуі себеп болған.  

Еске салайық, бұған дейін Американың бокс қауымдастығы ІВА қатарынан шыққан еді.