Хави Мессидің шешімді қашан қабылдайтынын айтты

Хави Мессидің шешімді қашан қабылдайтынын айтты
Футбол

«Барселонаның» бас бапкері Хави Эрнандес аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің клубқа оралуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Мессидің ПСЖ-мен келісімшарты 30 маусымда аяқталады.

Лео ораламын деп шешсе, бізге шынымен де көмектесетін еді. Бірақ дәл қазір біз оны мазалай бермеуіміз керек деп ойлаймын. Футболға келсек, бәрі өзіне байланысты. Еш күмәнім жоқ. Лео келемін десе, есігіміз ашық. Осы сәттен бастап келісімшарт мәселесі мені қызықтырмайды. Маған бәрі бақылауда екенін айтты. Келсе де, келмесе де басқа трансферлерді жоспарлауға еш кедергі емес. Месси шешімді келесі аптада қабылдайтынын айтты, - деді Хави.


Сурет: ©instagram.com/leomessi