Астанада самбо және әскери самбодан Азия чемпионаты өтеді

Астанада самбо және әскери самбодан Азия чемпионаты өтеді
Жекпе-жек

5-11 маусым аралығында Астана қаласындағы «BeeLine Arena» ұлттық теннис орталығында самбо және әскери самбодан ересектер, әйелдер, жастар, жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Жарыста 30 елден 500-ден астам спортшы өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы сапында мына әлем және Азия чемпионарымен жүлдегерлері өнер көрсетеді: Нұрбол Серіков, Әлібек Зекенов, Темірлан Қолбай, Маргарита Бажаева, Маржан Бизақ.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі: 8 мамыр күні сағ: 17:00-де.