Боксшы Санжар Тәшкенбай әкесіне темір тұлпар сыйлады

Боксшы Санжар Тәшкенбай әкесіне темір тұлпар сыйлады
Бокс

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әкесі Тәкен Тәшкенбайға су жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл туралы боксшының өзі әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Ассалаумағалейкүм, қазақ елі! Аллаға шүкір, кеше асқар тау әкешіме бала кезден армандап жүрген сыйлығымды сыйладым. Ең бірінші, осы күнге жеткізген Аллаға сансыз шүкір! Екінші, ата-анамыздың арқасы, барлығыңызға жұғысты болсын! – деп жазды ол.