Марина Седнева мен Жәмила Бақбергенова Бішкекте топ жарды

Марина Седнева мен Жәмила Бақбергенова Бішкекте топ жарды
Футбол
Күрес

Бішкекте өтіп жатқан Қожамқұл Қабаұлы мен Ратбек Санатбаев атындағы күрестен рейтингтік турнирдің үшінші күні аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ұлттық құрама кеше 2 алтын, 1 күміс пен 1 қола медаль жеңіп алды. Әйелдер күресінен 55 кг салмақтағы Марина Седнева мен 72 келідегі Жәмила Бақбергенова қарсылас шақ келтірмей жеңімпаз атанды. Ал 65 кг салмақта күрескен Ирина Казюлина күміс медальге қол жеткізді.

Еркін күрестен 97 кг салмақтағы Нұрсұлтан Азов қола жүлде иеленді.