Аслан Дарабаев алдағы ойындарға қатыспайды

Аслан Дарабаев алдағы ойындарға қатыспайды
Футбол

Ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев жарақатынан айығып үлгермеген, деп хабарлайды BasSport.kz.

Тиісінше ол Сан-Марино және Солтүстік Ирландиямен өтетін ойындарда Қазақстан құрамасына көмектесте алмайды.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны 8 маусым күні Алматыда басталады. Маусым айында Магомед Адиев шәкірттері сырт алаңда Сан-Марино және Солтүстік Ирландиямен екі ойын өткізеді.