Месси мансабын жалғастыратын клубты таңдады

Месси мансабын жалғастыратын клубты таңдады
Футбол

Getty Images

“ПСЖ” аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси мансабын MLS лигасында жалғастырады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Месси “Интер Майамиді” таңдады. Бұрынғы клубқа оралу деген ой жоқ”, - деп жазды журналист Эрнан Кастильо әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, “ПСЖ” Лионель Мессидің осы маусым аяғында клубтан кететінін мәлімдеді. Месси 2021 жылдан бастап париждік клуб намысын қорғады. 

Өткен маусымда аргентиналық шабуылшы 41 матчқа қатысып, 21 гол және 20 нәтижелі паспен көзге түсті.